Текст
Құрметті әріптестер!
Сіздерді жаңа 2022 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Біз 2021 жылды жақсы жетістіктермен аяқтадық – «Сапалы білім «Білімді ұлт» жобасының негізгі көрсеткіштерінің барлық жоспарлы мәндеріне қол жеткіздік. Бұл біздің сіздермен бірлескен еңбегіміздің және мақсатымызға берік болуымыздың нәтижесі.
Келіп жеткен 2022 жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен толағай табыстар тілеймін! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңыз сәтті болып, отбасыларыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін!
Ізгі тілекпен,
Бейбіт ЖҮСІПОВ, Ақмола облысы білім басқармасының басшысы.