«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ  
«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ  

СоцСети

https://www.facebook.com/a.ukubaev  

https://www.instagram.com/akpanykubaev2/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Президенттік олимпиадаға дайындық

28.09.2026

Мектебімізде дарынды оқушыларды қолдау және олардың білім деңгейін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда оқушыларды жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңіне дайындау жұмыстары қарқынды түрде ұйымдастырылуда.

Оқушылардың олимпиадаға сапалы дайындалуына мектептің пән мұғалімдері ерекше көңіл бөлуде. Дайындық барысында математика, физика, химия және биология пәндері бойынша оқушылардың теориялық білімдерін тереңдету, күрделі есептерді шешу дағдыларын қалыптастыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған қосымша сабақтар өткізіліп келеді.

Пән мұғалімдері әр оқушының жеке білім деңгейін ескере отырып, олимпиадалық тапсырмалармен жұмыс жүргізіп, өткен жылдардағы тапсырмаларды талдау, тестілеу, практикалық жұмыстар орындау және білімді пысықтау жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыруда. 
 

Просмотров: 345


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст