16.04.2026
2026 жылдың 8 сәуірі күні облысымызда жас зерттеушілердің басын қосқан маңызды шара – облыстық жас тарихшылар мен өлкетанушылардың зерттеу жұмыстары байқауы өтті. Аталған байқау оқушылардың тарих және өлкетану пәндеріне деген қызығушылығын арттыруға, олардың ғылыми-зерттеу қабілеттерін дамытуға бағытталды.
Байқауға өңірдің әр ауданынан келген дарынды оқушылар қатысып, өздерінің тың зерттеу жұмыстарын ұсынды. Қатысушылар туған жердің шежіресін зерделеп, тарихи тұлғалар, маңызды оқиғалар, мәдени мұралар туралы тың деректермен бөлісті.
Байқауға мектебімізден 10-сынып оқушысы Тулебаева Диана қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша Диана жүлделі ІІ орынға ие болды. Жетекшісі тарих пәні мұғалімі Жүсіп Мөлдір Қожаниязқызы.
Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтай отырып, толағай табыстар тілейміз.