03.04.2026
Наурыз айының 23-де Түркия мемлекетінің Анталья қаласында «Әлемдік білім кеңістігі: инновациялық тәжірибе және педагогикалық көшбасшылық» халықаралық конференциясы өтті. Аталған іс-шараға Жарқайың ауданынан қатысқан педагогтер қатарында біздің мектебімізден қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оспанова Эльмира Жанадиловна да болды. Ол “Дарын” әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен халықаралық конференцияға қатысып, өз тәжірибесімен бөлісіп, баяндама жасады.
Педагогтердің халықаралық конференциясы "Akdeniz" университетінің Педагогтердің білімін арттыру кафедрасының профессорларының қатысуымен өтті. Эльмира Жанадиловна өз сөзінде конференцияда Түркия елінің білікті профессоры Рамазан Эрдем мырзаның мазмұнды баяндамасын тыңдап, тәжірибе қоржынын толықтырып және сапалы білім беру саласында маңызды сұрақтарға жауап алып қайтқанын айтып өтті. Сонымен қатар мұғалім "Халықаралық конференцияда баяндамашы және спикер" деген сертификатқа ие болып, мақаласы басылымға жолданды. Конференциядан соң Түркияның бес қаласында өткен тарихи-танымдық турларға қатысып, ерекше шабытпен оралды.
Бұл - ұстаздың кәсіби шеберлігі мен белсенділігінің айқын дәлелі әрі жетістігі деп білеміз. Осындай халықаралық деңгейдегі іс-шаралар білім сапасын арттыруға үлкен мүмкіндік беретініне көз жеткіздік.

