«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ  
«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ  

СоцСети

https://www.facebook.com/a.ukubaev  

https://www.instagram.com/akpanykubaev2/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жарқайың ауданының педагогтары – республикалық хакатон жүлдегерлері

03.04.2026

2026 жылғы 31 наурызда Қарағанды қаласында өткен «Идея. Бірлік. Әрекет» республикалық педагогикалық хакатонында Ақмола облысы Жарқайың ауданының «Ұлағат Team» командасы жүлделі III орынға ие болды.

Аталған хакатонға республика бойынша 35 команда қатысып, олардың ішінен іріктелген 16 үздік команда финалдық кезеңде бақ сынады.

Команда менторы – Жарқайың аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрпейісова Гүлшат Қабиболловна.

Команда құрамында:

– Алдашев Амирхан Қожаниязович – Державинск қаласындағы Ақпан Үкубаев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің директоры;
– Амиргазина Толқын Мұқатовна – Далабай ауылы негізгі орта мектебінің директоры;
– Мұқамажитова Күлжамила Зағпаровна – Тасты-Талды ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры;
– Чинасилов Асель Муратовна – Тасөткел ауылы негізгі орта мектебінің директоры;
– Мыктыбекова Зинат Қайыржановна – Далабай ауылы негізгі орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Хакатон барысында қатысушылар білім беру менеджменті, көшбасшылық, корпоративтік мәдениет, педагогтердің мотивациясы және тиімді коммуникациялар бағыттары бойынша инновациялық әрі тәжірибеге бағытталған жобаларын ұсынды.

«Ұлағат Team» командасының жобасы өзектілігімен, жаңашылдығымен және практикалық маңыздылығымен ерекшеленіп, жоғары бағаға ие болды.

Бұл жетістік – аудан педагогтарының кәсіби шеберлігі мен үйлесімді командалық жұмысының айқын нәтижесі.   

Просмотров: 903


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст