7-11 маусым аралығында «Жұлдызша» мектепке дейінгі ойын алаңының II кезеңі ұйымдастырылды. ІІ кезең басталысымен ақ балаларды алаңша жетекшісі Мусина М.Б қауіпсіздік ережелерімен, күнделікті күн тәртібімен, жол ережесімен таныстырды. Содан соң балалар өздерінің топ атымен ұрандарын бірден белсенді түрде жаттап алды. II кезеңнің «Жазғы саяхат» тақырыбы бойынша әр күнге бөлініп берілген жоспар бойынша іс-шаралар оқушылармен бірге қызықты өткізілді. Балалардың көңілдерін көтеріп, сергіту мақсатында саябаққа,ойын алаңдарына барып, таза ауада қимылды ойындар,эстафеталық ойындар,ұлттық ойындар ойнатылды.Шығармашылығын дамыту мақсатында оқушылармен «Құрастырып көр!», «Менің қалам» сурет көрмесі, «Ең әдемі», «Дауысыңнан таны!», « Қай мультфильм екенін тап!» сияқты ойындар өткізілсе,ой -өрісін дамыту мақсатында «Кел, ойнайық та, ойлайық!» , «Кім жылдам?», «Шапшаң ойла!», «Тауып көр!» сынды көптеген жарыстар өте қызықты деңгейде өткізілді. Алаңша соңында балалар өздерінің уақыттары қызықты өткенін жетекшіге жеткізіп ой пікірлерімен бөлісті. Осылайша жазғы алаңшаның ІІ-кезеңі балалар үшін өте қызықты әрі пайдалы болды.