«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ  
«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ  

СоцСети

https://www.facebook.com/a.ukubaev  

https://www.instagram.com/akpanykubaev2/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жарайсың, Мұстафа!

16.03.2026

Жарайсың, Мұстафа!

Мектебіміздің 6 «А» сынып оқушысы Ниязали Мұстафа «Менің туған жерім» облыстық онлайн бейнероликтер байқауына қатысты. Ол өз анасымен бірге ЖИ (жасанды интеллект) құралдарын пайдаланып, туған өлкеміздегі Тасбике өзені туралы аңыз негізінде әсерлі бейнеролик дайындап шықты.

Тасбике өзені – қазіргі Пятигор ауылының маңында орналасқан. Өзен атауына байланысты ел аузында мынадай аңыз айтылады. Ерте заманда осы өңірде ақылы мен көркі жарасқан Тасбике атты сұлу бойжеткен өмір сүрген екен. Бірақ ол ата-анасы таңдаған жігітке емес, өз жүрегі қалаған жігітке ғашық болады.

Екі жастың махаббатына қарсы болған туыстары жігітті жазалап, қызды басқа адамға ұзатпақ болады. Ғашығына деген сағыныш пен жүрек қасіретін көтере алмаған Тасбике ақыры өзенге барып, өмірімен қоштасады. Сол қайғылы оқиғадан кейін бұл өзен халық арасында Тасбике өзені деп аталып кетіпті.

Осындай аңыздар арқылы туған жеріміздің тарихы мен тағдыры ұрпақтан-ұрпаққа жетіп келеді.

Осындай өнерлі, ізденімпаз оқушыларымыз көп болсын!
Туған өлкеміздің тарихын таныстырып жүрген талантты шәкірттерімізбен әрдайым мақтанамыз. 👏

#МеніңТуғанЖерім #ТасбикеӨзені #ДарындыОқушы #МектепЖаңалығы #ЖастарТаланты #ТуғанӨлке

 

https://www.instagram.com/reel/DV8FdvZgLlG/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== 

Просмотров: 103


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст