03.02.2026
«Жарқын болашақ» — мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақтың әдеби-мәдени мұрасын дәріптеу және оқушылардың шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамытуға бағытталған қазақ тілі олимпиадасы. Ол «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өткізіледі. Байқауға 7-11 сынып оқушылары қатысады. Биыл да аудандық «Жарқын болашақ» сайысына оқушыларымыз белсенді қатысып, 5 бағыт бойынша өнер көрсетті:
«Бейнелеушілер» – әдеби шығармаларды жаңа форматпен көрсете білу;
«Білгірлер бәйгесі» – ауыз әдебиеті бойынша сайыс;
«Жас қаламгер» – шығармашылық жазба;
«Сөз шеберлері» – шешендік өнер;
«Әнші-булбұлдар» – қазақ тілінде ән айту.
Жарыстың нәтижесінде «Сөз шеберлері» номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Ерұлан Әбу -1 орын, 8-сынып оқушысы Халибек Сара -2 орын, «Жас қаламгер» номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Ерғазы Гүлсезім -1 орын, 10-сынып оқушысы Тұрсынбай Гаухар -2 орын, 7-сынып оқушысы Сулейменова Сабина -3 орын, «Әнші-бұлбұлдар» номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Баймулдинова Зере -1орын, 7-сынып оқушысы Жақсылық Жанайым -3 орын иеленді. Оқушылардың жетекшілері –Абикеева А.Ж, Оспанова Э.Ж. Сеилова Қ.А.
Мектеп намысын қорғаған барлық жеңімпаздарымызды құттықтай отырып, әрқашан биіктерден көріне берулеріне тілектестік білдіреміз.