04.12.2025
Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 25 қараша күні “ Әкенің еккен ағашы ұрпаққа сая” тақырыбында жалпы мектепішілік әкелер жиналысы өтті. Мақсаты: Әкелердің қоғамдағы, отбасындағы ролінің зор екендігін, бала тәрбиесінде аталар мен әкелер жолының ерекшелігін айта отырып, ұрпақ тәрбиесіне , мектеп өміріне атсалысуға шақыру. Жиналыс қонағы аудандық мешіттің бас имамы Алмас Абдуұлы бала тәрбиесіндегі әкенің орны туралы ой саларлық әңгімесімен бөлісті. АПБ полиция капитаны Алдан Құдайбергенұлы “Заң мен тәртіп “тақырыбында балаларға қатысты ережелер мен қауіпсіздік жайында айтты. Әкелермен психолог Толқын Несіпқызы “ Өз балаңды танисыз ба?
тренингін өткізді. ДТІЖО Раушан Тауекелқызы “ Саялы ағаш” әдісі арқылы бала тәрбиесі туралы сұрақ - жауап өткізіп, әкелердің осы тақырыпты қорытындылауына бағыт берді. Жалпы жиналыс әкелер жүрегінде үлкен сезім ұялатып, жас әкелерге ой салғандай болды.# атааналардыпедагогикалыққолдауорталығы
