04.12.2025
«Алтын түлек» олимпиадасының өңірлік кезеңі өз мәресіне жетіп, қатысушы оқушыларымыз білім мен бәсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейін көрсетті. Мектебіміздің оқушылары жауапкершілік пен ынта танытып, үздік нәтижелерге қол жеткізді.
Олимпиада қорытындысы бойынша:
Абильдаев Даулет – I орын
Кемелбаева Лаура – I орын
Орынбай Жанерке – II орын
Балдыбек Әли – III орын
Аталған оқушыларымыздың жетістігі олардың білімге деген талпынысы мен қажырлы еңбектерінің нәтижесі екені сөзсіз. Сонымен қатар, Абильдаев Даулет, Орынбай Жанерке және Кемелбаева Лаура олимпиаданың республикалық кезеңіне жолдама алып, мектеп намысын одан әрі қорғау мүмкіндігіне ие болды. Құттықтаймыз 🥇
Жетекшісі: Дамер Болатбек.
Сіздерге алдағы республикалық кезеңде мол табыс, сенімділік және сәттілік тілейміз. Білім жолындағы жетістіктеріңіз арта берсін
#біздіңжетістіктеріміз
