Мақсатымыз: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең,би, әндерді нақышына келтіріп айтуға үйрету. Бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу, сайыс,байқауларға деген ынтасын,қызығушылықтарын арттыру.
1 маусым мен 5 маусым аралығында 1 кезең мектепішілік жазғы алаңшасы 1 «А»сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өтіледі.1 маусым жазғы алаңшаның ашылу мерекесіне мектеп директоры Нурпеисова Г.Қ. мен тәрбие ісінің меңгерушісі Р.Т.Найзабекова құрметті қонақ иелері қатысқан болатын.Мектеп директоры Г.Қ.Нурпеисова балалардың жылы лебіздерін білдіріп,балаларды мерекесімен құттықтады .«Жазғы алаңшада тақпақтар әндер айтылды,Флешмоб билерін биледі. «Кім тез?»ойыны ойналды.Қазақтың ұлттық ойындарының бірі «Сақина салмақ»ойыны, Қол күрес», Көбелек суретін салу туралы ойындар ойналды, алаңша қызықты,әрі тартымды өтті.