11.11.2025
11 қараша күні Ақмола облысы білім басқармасының "Білім сапасын арттыру және ресурстарды тиімді басқару: аралық қорытындылар мен міндеттер" тақырыбында алқа отырысы өтті. Аталған іс шарада облысымыздың бірнеше ұстаздары шәкірттерге білім мен тәрбие беру саласындағы ерен еңбектері және кәсіби педагог ретінде қол жеткізген үздік нәтижелері үшін марапатталды. Солардың қатарында А.Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оспанова Эльмира Жанадиловна білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін "БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ " төс белгісімен марапатталды. Әріптесімізді марапатымен шын жүректен құттықтаймыз.
