Текст
09.10.2025
Мектебімізде 29 қыркүйек пен 8 қазан аралығында 3–10 сынып оқушылары арасында кіріспе тестілеу өткізілді.
Тестілеудің негізгі мақсаты – оқушылардың өткен оқу жылындағы тақырыптарды қаншалықты меңгергенін анықтау.
Бұл жұмыс "Bilim Center" платформасы арқылы онлайн форматта ұйымдастырылған.
Кіріспе тестілеу нәтижелері мұғалімдерге әр оқушының білім деңгейін бағалап, алдағы оқу процесін тиімді жоспарлауға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, оқушылар өз білімдерін саралап, қай тақырыптарға ерекше назар аудару керектігін түсінуге жол ашты.
