«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ  
«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ  

СоцСети

https://www.facebook.com/a.ukubaev  

https://www.instagram.com/akpanykubaev2/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп кітапханасына қызықты саяхат

24.09.2025

А. Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 1-сынып оқушылары мектеп кітапханасына қызықты саяхат жасады. Саяхат барысында кітапхана меңгерушісі Амирова Н.Б. балаларды кітапхана жұмысымен, ондағы ережелермен және кітаптарды дұрыс қолдану мәдениетімен таныстырды.

Оқушылар кітапхана ішіндегі түрлі кітаптармен танысып, өздеріне ұнаған ертегілер мен суретті кітаптарды қарап шықты. Сонымен қатар, шығармашылық бағытта жұмыс жүргізіліп, балалар LEGO бөлшектерінен түрлі бейнелер құрастырып шықты.

Саяхат соңында оқушыларға ертегілер орналастырылған QR кодпен кітапшалар таратылды. Бұл кітапшалар арқылы олар үйде отырып, смартфон немесе планшет көмегімен ертегілерді оқып, тыңдай алады. Бұл әдіс балалардың сандық технологияны тиімді пайдалана отырып, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Кітапханашы балаларға кітап оқудың маңызы туралы айтып, кітап — білімнің қайнар көзі екенін түсіндірді.

Іс-шара балалардың көңілінен шығып, олар кітапханадан жағымды әсер алып қайтты. Кішкентай оқырмандар алдағы уақытта кітаппен дос болуға уәде берді.  

Просмотров: 565


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст