✨ Мектепалды даярлық сыныбы 2025–2026 оқу жылын бастады! ✨
Жаңа оқу жылы – жаңа үміттер мен жарқын бастамалардың кезеңі.
Біздің кішкентай бүлдіршіндер мектеп табалдырығын аттап, білім әлеміне алғашқы қадам жасады.
Мектепалды даярлық сыныбында балалар ойын арқылы үйреніп, ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Олар достыққа, бір-бірін құрметтеуге және жаңа білімге құштарлықпен қарауға үйренеді.
Алдағы оқу жылында шәкірттерімізге мол табыс, ата-аналарға сабыр мен қуаныш, ұстаздарымызға шығармашылық шабыт тілейміз!
Жаңа бастау бәрімізге құтты болсын! 🌈📚💐
https://www.instagram.com/reel/DOJJmpuiNSQ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MXZkYWJ4amE2Yjg2ZQ==