9маусым 2025ж
“Күншуақ “алаңшасында
“Салауатты өмір салтын ұстанайық!”тақырыбында іс-шара өтілді.
“Бой жазайық,кел ойнайық!”атты балалар дене шынықтыру жаттығуларын жасады.
Сонымен қатар
Мектеп алаңында
Эстафеталық ойындарды Мақпал Балтабекқызы мен Эльвира Шариповна ұйымдастырып,балаларды екі топқа бөліп,қимылды ойындар ойнатты.
Эстафеталық жарыста
Допты тез орнына қою,секіртпемен секіру,обручпен жүгіру сияқты ойындар ойналды.Балаларға өте қызықты болды.
Психологиялық тренингтерді
Нарбаева Анар Есенқызы өз кабинетінде өткізді.
Балалардың қол моторикасына байланысты жаттығулар,суреттер салу,құмда сурет салу сияқты ойындар ойнатты.
“Мамандық әлемі”кәсіптік бағдар беру іс-шарасын Абдыгалиев Аскербек ағай жүргізді.
Балаларға мамандықтар туралы сұрақтар қойылды.Мамандық туралы презентация көрсетілді.
Балалар өскенде қандай мамандық иесі болатынын айта отырды.Іс-шара қызықты өтті.
Қол өнер іс-шарасын
Оңашбай Бахаткул апай өткізді.Балаларға футболкаға суреттер жапсыру туралы түсініктеме бере отырып,жасалу жолын айтып өтті.
Балалардың футболкасына әртүрлі суреттерді қалай жапсыру керек екенін көрсетті.Балалар қызыға орындады.