Жаздағы қауіпсіздік – әр баланың амандығы!
Жаз – оқушылар үшін демалыс пен қуанышқа толы мезгіл. Алайда бұл уақытта қауіпсіздік шараларына ерекше көңіл бөлу қажет.
Осы орайда полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторы Бексұлтан Дамир Қайратұлы 2–10 сынып оқушыларына жолда жүру ережелері, құқық бұзушылықтың алдын алу және жазғы демалыстағы қауіпсіздік тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында оқушыларға:
жолда дұрыс және қауіпсіз жүру ережелері;
жазғы уақытта суға шомылу, ойын алаңында жүріп-тұру қауіпсіздігі;
құқық бұзушылыққа жол бермеу, жауапкершілік туралы мәліметтер берілді.
Мақсаты – балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру және жаз мезгіліндегі түрлі қауіптердің алдын алу.
#жаздағықауіпсіздік
#жолдажүруережелері
#жолқауіпсіздігі
#құқықтықсауаттылық
#біртұтас_тәрбие