7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай А. Үкібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушыларының құқық қорғау органдарына танымдық сапары
2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы және «Заң мен тәртіп» жобасы аясында, сондай-ақ 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай А. Үкібаев атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары аудандық полиция бөліміне танымдық сапар жасады.
Іс-шара барысында оқушылар полиция қызметкерлерінің күнделікті жұмыс барысымен, қызметтік құрал-жабдықтарымен және құқық қорғау саласындағы міндеттерімен танысты. Оқушыларға тәртіп сақшыларының қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі мен жауапкершілігі түсіндірілді.
Сапар барысында бірқатар оқушылар болашақ мамандықтарын таңдау жөнінде ой түйіп, полиция қызметкері болуға қызығушылықтарын білдірді. Бұл – жастардың елге адал қызмет етуге деген ұмтылысын, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
Полиция қызметкері болу – бұл Отанға қызмет ету, заң мен тәртіпті сақтау арқылы ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету деген сөз. https://www.instagram.com/reel/DJR84w0s74W/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==