«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша  білім бөлімі Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Акпана Укубаева города Державинск отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»     

СоцСети

https://www.facebook.com/a.ukubaev  

https://www.instagram.com/akpanykubaev2/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналармен кездесу

28.04.2025

А. Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің асханасы – оқушылар үшін жайлы әрі маңызды орын. Мектептің ата-аналар комитеті мен қамқоршылық кеңесі бірлесіп, асханаға жоспардан тыс тексеру жүргізді. Бұл тексеру әлеуметтік желілердегі кейбір пікірлер мен шағымдарға жауап ретінде қолға алынды.

Тексеріс барысында мектеп асханасының тазалығы мен санитарлық-гигиеналық жағдайлары егжей-тегжейлі қаралды. Ата-аналар асханада барлық талаптардың сақталғанына көз жеткізіп, тағамдардың дәмі мен сапасына жоғары баға берді. Асхананың мәзірі баланың жас ерекшеліктеріне сай, қоректік заттарға бай, ал тағамдар әрдайым жаңа және балғын өнімдерден дайындалады.

Тамақтану сапасының жоғары деңгейде сақталуы, әсіресе оқушылардың денсаулығы мен көңіл-күйіне тікелей әсер ететіні белгілі. Ата-аналар осы тұрғыдан мектеп асханасының жұмыстарын жоғары бағалап, балалардың тамақтануынан толық қанағаттанғанын айтты. 

Мектеп әкімшілігі мен қамқоршылық кеңесі,ата-аналар үшін мұндай тексерістер өте маңызды. Олар ашық диалог жүргізуге және сыни пікірлерге құлақ асуға дайын екенін мәлімдеді. Алдағы уақытта да тамақтану сапасын бақылау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, барлық тараптар үшін ашық әрі тиімді қарым-қатынас орнату мақсатында жалғасын табатын болады. 
https://www.instagram.com/reel/DI3c3TSo0oM/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

  

Просмотров: 752


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст