Тақырыбы: «Сөз мәйегі- мақал- мәтел»
Мақсаты: мақал-мәтелдер қазақтың қысқа
әрі нұсқа даналығы , өмірден түйген қорытындысы , тұрмыс айнасы екеніне
көздерін жеткізу, орынды пайдалана білуге үйрету.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі мен
әдебиет, орыс тілі, сурет.
Көрнекілігі:
мақал-мәтелдер жазылған плакаттар, слайд,
флипчарт.
Түрі:
сайыс
Сайыстың барысы: Құрметті
оқушылар, қонақтар,сайыскерлер
қош келдіңіздер! Бүгін
тоқсан ауыз сөздің
тобықтай түйіні болған мақал –мәтелдер жарысы
болады. Жарысқа үшінші сынып оқушыларынан
құрылған 2 топ қатысады. Бүгінгі сайыстың жақсы
өтуіне тілектеспіз. Сайыстың
алдында тіл туралы белгілі адамдардың
айтқан сөздерін еске түсірейік.
Шыңғыс Айтматов: «Тіл
жоқ жерде, ұлт жоқ.»
Бауыржан Момышұлы: «Тіл дегеніміз-қай
халықтың болмасын,кешегі, бүгіні ғана емес, ертеңгі де тағдыры.»
Махмұт Қашқари: «Игі істің басы-тіл,
тәрбие басы-тіл.»
Нұрсұлтан Назарбаев: «Тілден артық
қазына жоқ,тілден артық қасиет жоқ.»
Ал, енді
сайысымызды бастайық. Бүгінгі сайыс 8
турдан тұрады. Әр дұрыс
жауапқа 1 фишка беріледі.
І.Амандасу. Әр топ өзінің
аты мен ұранын
айтады
І топ «Сұңқар». Ұраны: Сұңқардай қалықтаймыз,
Ізденуден
жалықпаймыз!
ІІ топ «Тұлпар». Ұраны : Тұлпардай жүйрік болу
арманымыз,
Білімді
адам болу мақсатымыз !
ІІ. Сұрақ-жауап сайысы. Әр дұрыс
жауапқа 1 фишка беріледі.
Шарты: Қойылған
сұрақтарға тез жауап беру.
- Мақал-мәтелдер
деген не?
-
Мақал-мәтелдердің адам тәрбиелеудегі ролі қанда
-
Мақал-мәтелдердің тақырыптары қандай?
-
Мақал-мәтелдердің көлемі қандай?
- Мақал-мәтелдер
қалай таралған?
- Мақал-мәтелдерді
кім шығарады?
ІІІ. Білгіштер сайысы.
Шарты : Кім қанша
мақал айтса , сонша фишка алады.
ІҮ.Жалғасын
тап.
Шарты: Бұл турда сендер мен айтқан мақалдың жартысын
табуларың қажет.
Сұңқар: Бал тамған тілден, (у да тамады)
Тұлпар: Білімсіз өмір, (сөнген
көмір)
Сұңқар: Жақсыдан
үйрен, (жаманнан жирен )
Тұлпар: Ақыл – жастан, (асыл –тастан)
Сұңқар: Отансыз адам, (Ормансыз бұлбұл)
Тұлпар: Еңбек адамның (екінші
анасы)
Сұңқар: Әдепсіз
бала ауыздықсыз атпен
тең, (ақылды қария жазып қойған
хатпен тең)
Тұлпар: Ата асқар
тау ,(ана бауырындағы бұлақ, бала
жағасындағы құрақ)
Ү.Өзге
тілдің бәрін біл. Әр топқа
мақалдар жазылған флипчарт
беріледі, жетіспей тұрған
бір сөзді тауып
жазу оның орысша
аудармасын жазу. (Әр дұрыс жауапқа екі фишка беріледі.)
………. – инемен
құдық қазғандай. (оқу, учеба,study)
Оқусыз ……. жоқ ,
білімсіз күнің жоқ. (білім, знание,knowledge)
Ашу дұшпан, ақыл
- ……… (дос,друг,friend)
……… теңгең
болғанша, -------- досың болсын. (жүз, сто friends)
Білекті бірді жығады
, білімді ….. жығады. .(мыңды,тысяч,thousand)
……. - оттан
да ыстық. ( Отан,Родина light)
ҮІ. Берілген мақал-мәтелдерді дұрыс құрастыру.
Бұрысы
1.Құрмет, тілге
,құрмет-елге.
2. Жерде, тіл ,жоқ
ұлт, жоқ.
3. Досы ,жау, дау, алмайды, көпті, ақылы, алмайды, көпті.
1.Ұяда, ұшқанда ,соны іледі, не көрсе
2. Мектеп, білім- теңіз кеме .
3.Мыңды жығады ,білекті ,жығады , бірді, білімді.
Дұрысы
1.Тілге құрмет-елге құрмет.
2.Тіл жоқ жерде – ұлт жоқ.
3.Досы көпті
жау алмайды, ақылы көпті
дау алмайды
1. Ұяда не
көрсе, ұшқанда соны іледі
2. Білім- теңіз,
мектеп- кеме
3. Білекті бірді
жығады , білімді мыңды жығады.
ҮІІ. Сөз
тіркестерінің мағынасын ашу.
1. Тонның ішкі бауындай. (тату - тәтті дос)
2. Сүт пісірім уақыт. (жылдамырақ)
3. Ат шаптырым жер. (алыс жер)
4.
Таяқ тастам жер. (жақын жер)
5.
Екі көзі төрт көз болды. (күтіп қалу)
6.
Көз салды. (қарады)
7.
Құлақ түрді. (тыңдады)
8.
Тайға таңба басқандай.(анық)
Жүргізуші: Енді балалар келесі сұрақ топ басшыларына
беріледі. Мен ортақ сұрақ қоямын. Ойлану 2 минут. Мұқият тыңдаңдар!
Бір күні
Төле би ұзақ сапар шегіп, жол жүреді. Сөйтіп Ақылбайдың үйіне тоқтайды. Төле
биді жақсы қарсы алып, дастархан жайып, алдына бас әкеледі. Сонда, Төле би қолына
пышақ алып, етті кесе бастайды, бір бөлігін аузына салып, құлағы мен таңдайын
Данагүлге береді.
Тапсырма:
Ал, енді сендер Төле би Данагүлге не мақсатпен құлақ пен таңдайды
берді ? Оқушы өз ойларын айтады.
Жүргізуші: Төле би: Данагүлге таңдай берген себебім
дарынды да ақылды шешен болсын деп бердім, ал құлақ берген себебім көптеген
шешендік сөздерді естіп менің өсиеттерімді елге таратсын дегенім - деген екен
Жиналған
фишкалар саны есептеледі.
Жеңімпаздарға мақтау қағазы
беріледі.
Жүргізуші: Сонымен
балалар «Мақал - мәтел бәйгесі» өз мәресіне
жетті. Қатысқан балалар мен
көрермендер өздеріне пайдалы
көп нәрсені естіді, білді
деп ойлаймыз.
Келгендеріңізге көп-көп рахмет!