Бүгін қазақтың ұлы композиторы, күйші-дирижері, қазақ музыкасының жарық жұлдызы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай арнайы әдеби-музыкалық сабақ өтті. Бұл шарада оқушылар композитордың өмірі мен шығармашылығымен терең танысып, оның ұлттық музыкаға қосқан баға жетпес үлесін ұғына түсті.
Сабақты "Домбыра" үйірмесінің жетекшісі Есмурзин Н. жүргізді. Сабақ барысында Нұрғиса Тілендиевтің мәңгілік мұраға айналған күйлері мен әндері шырқалып, оның өнер жолындағы ұлы еңбегі дәріптелді. Оқушылар композитордың шығармалары арқылы патриоттық рухты сезініп, қазақ музыкасының құдіретін терең түсінді.
Нұрғиса Тілендиевтің есімі – қазақ өнерінің мәңгілік мақтанышы. Оның күйлері мен әндері халық жүрегінде жаңғырып, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қала бермек! https://www.instagram.com/reel/DH-GH1Lo1ag/?utm_source=ig_web_copy_link
.