Жарқайың ауданында
қыздарға арналған бейіндік сынып ашылды.
Жарқайың ауданының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде қыздарға арналған арнайы қолөнер бейіндік сыныбы ашылды. Аудан әкімінің орынбасары Абенова А.О. аудан әкімі Жүсіпбеков Е.К. атынан құттықтап, жаңа сыныптың лентасын қиды. Бейіндік сыныптың материалды базасы мектеп тарапынан толықтырылып отырады. Бұл бастама Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына орай жүзеге асырылып отыр.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажеттігін атап өтіп, қоғамда еңбекқорлық пен кәсібилікті жоғары бағалау керектігін айтқан болатын. Осы орайда ашылған жаңа сынып білім алушыларға ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында қыз балаларды ұлттық қолөнерге баулып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, кәсіби дағдыларын жетілдіруге бағытталған.
Қолөнер сыныбы оқушыларға тігіншілік, кестелеу, тоқыма және басқа да ұлттық қолөнер түрлерін үйретеді. Бұл тек әсемдік үшін ғана емес, сонымен қатар еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Қыздар өз шығармашылық жобаларын жүзеге асырып, болашақ кәсіптеріне алғашқы қадам жасай алады.
Жарқайың ауданындағы бұл бастама жас буынға еңбекқорлық пен шеберлік дағдыларын сіңіруге үлес қосып, еліміздегі жұмысшы мамандықтарын дәріптеуге өз септігін тигізбек. https://www.instagram.com/reel/DGwm1AEox0u/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
#біртұтастәрбие
@bilim_bolimi_jarqayin
#бейіндіксынып