Бүгін Жарқайың ауданында оқушыларды «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігі қатарына қабылдау бойынша салтанатты іс-шара өтті. Оған аудан әкімі Жүсіпбеков Е.К., аудан прокуроры Гришин Д.Г., аудандық полиция бөлімінің бастығы Оразалин А.Т., білім беру ұйымдарының басшылары, мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар қатысты.
🔸️Жасөспірімдер үшін ең маңызды сәттердің бірі – салтанатты түрде ант қабылдап, «Жас Ұрпақ» қозғалысына ресми түрде мүше болу болды. Жаңа мүшелер Отанға адалдықтарын білдіріп, белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетіп, туған өлкенің дамуына үлес қосуға дайын екендіктерін жеткізді.
🔸️Іс-шара барысында қонақтар жас ұрпаққа жылы лебіздерін білдіріп, олардың қоғамдағы маңызын атап өтті. Сондай-ақ патриотизмге, жауапкершілікке, білімге және еңбекқорлыққа ұмтылуға шақырды. Салтанатты бөлім шағын концерттік бағдарламамен аяқталды.
🔹️Бұл оқиға жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін нығайтуға, патриоттық сезімдерін дамытуға және жастарды қоғамдық өмірге тартуға жасалған маңызды қадам болды.
/public/files/2025/2/21/210225_131227_whatsapp-video-2025-02-21-at-121103-1.mp4