Текст
Бүгін мектебімізде "Кәсіподақ" ұйымының ұйымдастыруымен, көпжылдық еңбегімен танылған апайымыз Львович Татьяна Анатольевнаны зейнеткерлікке шығарып салу рәсімі өтті. Татьяна Анатольевна – өз ісіне адал, еңбекқор жан. Оның мектеп өміріне қосқан үлесі мен жанашырлығы әріптестері мен оқушылардың есінде мәңгі сақталады.
Іс-шара барысында мектеп ұжымы мен оқушылар жылы лебіздерін білдіріп, құттықтады. Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасты.
Татьяна Анатольевнаға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және жаңа өмір кезеңінде сәттілік тілейміз!