Текст
А.Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері аудандық деңгейде өтілген "Алтын тұғыр" бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған олимпиадаға қатысып,облыстық кезеңге жолдама алған болатын. "Алтын тұғыр" олимпиадасының облыстық кезеңі 6-қаңтар күні өтілді.Облыстық кезеңнен Фазылова Света Мүбараковна сүрінбей өтіп,3 -дәрежелі дипломмен марапатталса,Найзабекова Раушан Тауекеловна мақтау қағазымен марапатталды. Ұстаздарды марапаттарымен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз!