Сабақтың тақырыбы:«Көкөністер»:Өсімдіктер әлемі пішінінің әртүрлілігі.
Сабақтың мақсаты: қосымша түстер туралы білім қалыптастыру.
Жоспарланатын нәтиже:
пәндік:балалардың түстің бейнелеу және мәнерлеу мүмкіндіктері туралы ұғымдарын тереңдету; екінші сынып оқушыларына түс шеңбері туралы қарапайым білім беру;
жүйелі-қызметтік: оқушылардың түстерді тануын дамыту, балалардың шығармашылыққа деген ынтасын және түсті
көңіл күйді бейнелеу құралы ретінде эмоциялық қабылдау қабілеттерін дамыту; екінші сынып оқушыларының көркемсурет-графикалық қабілеттерін қалыптастыру;
тұлғалық:
балалардың қоршаған ортаға сүйіспеншілігін және эстетикалық көзқарасын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: Көрнекілік арқылы түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық тапсырма, топтық жұмыс.
Сабаққа арналған материалдар мен жабдықтар:
мұғалім үшін:
көкөністер бейнеленген фотосуреттер, натюрморттардың репродукциялары, көкөністер натюрмортының күрделі емес койылымы,жұмбақтар, көрнекіліктер, презентация;
оқушылар үшін:
альбом парақтары, жай қарындаштар, өшіргіш, кылқалам, су құюға арналған кұты,бояу.
Пәнаралық байланыс:
дүниетану.математика.қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу,оқушының сабаққа қатысуын және дайындығын тексеру, көңіл-күйін сұрап, назарын бүгінгі сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ.Жаңа сабақ.
IV.Жаңа сабақты бекіту.
V. Жұмыстарын қорытындылау, бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
І. Сәлеметсіздерме балалар!
-оқушылар 3тілде амандасады.
Бүгін сыныпта кезекші кім?
Сабақта кім жоқ?
Психологиялық дайындық: оқушылардың көңіл-күйін көтеру. Бір-біріне жақсы сөздер айтып, сәттілік тілеу.
Сабағымызды бастамас бұрын бәріміз ортаға шығып шаттық шеңберін құрайық,бүгінгі сабақта бір-бірімізге сәттілік тілейік!
Бүгінгі сабақта біз екі топқа бөліндік:
1 топтың аты:ҚИЯР.
2 топтың аты:ҚЫЗАНАҚ.
ІІ. Ал, балалар, біз алдынғы сабақта «Гүлшоғы» тақырыбына байланысты құмырадағы гүлдер суретін салдық. Қане,
альбомдарынды ашып, үй жұмыстарынды көрсетіндерші! Енді өткен тақырыпты есімізге түсіріп қайталап өтейік! Бәріміз бірге тақтаға қарайық, тақтада 10 жұлдыз ілінген, әр жұлдызда әріптер жасырылған. Яғни бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы. Жаңа тақырыбымызды табу үшін әрбір жұлдызда өткен тақырып бойынша сұрақ берілген, сол сұраққа жауап берсендер жаңа тақырыпты табасындар!Бастайық! Жауап берген топқа жұлдызша беріледі.сабақ сонында жұлдызшаны санап қай топ женгенін көреміз.
- «АСТРА» ГРЕК ТІЛІНЕН АУДАРҒАНДА ҚАНДАЙ МАҒЫНАНЫ БІЛДІРЕДІ?
-СУРЕТ САЛАТЫН ҚҰРАЛ?
-СУРЕТТІ ТҮЗЕТЕТІН ҚҰРАЛ?
-ТАБИҒАТТЫҢ СУРЕТІҚАЛАЙ АТАЛАДЫ?
-ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ БЕЛГІЛІСУРЕТШІСІ?
-САРЫ МЕН КӨК ТҮСТІ ҚОСҚАНДА ҚАНДАЙ ТҮС ШЫҒАДЫ?
-КӨК ПЕН ҚЫЗЫЛ ТҮСТІ ҚОСҚАНДА ҚАНДАЙ ТҮС ШЫҒАДЫ?
-ҚЫЗЫЛ МЕН САРЫ ТҮСТІ ҚОСҚАНДА ҚАНДАЙ ТҮС ШЫҒАДЫ?
-СУРЕТТЕ ҚАНДАЙ ОЮ БЕЙНЕЛЕНГЕН?
-СУРЕТТЕ ҚАНДАЙ ОЮ БЕЙНЕЛЕНГЕН?
ІІІ.Сонымен оқушылар бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы «КӨКӨНІСТЕР».
1.Көкөністер қайда өседі?
2.Қандай көкөністерді білесіндер?(аты-орысша,қазақша,түсі-қазақша,орысша, ағылшынша).
Мына суреттерге қарандаршы, біз қандай әдемі көкөністерді жинағанбыз! Қызыл қызанақ,жасыл бұрыш, сия көк баклажан.. Қандай ашық, қанық түстер! Ашық бояулармен осы көкөністердің суретін салғыларын
келема? Ал бұл көкөністерді салу үшін сендерге қосымша түстер көмектеседі. Түстер шеңберінде қарама-қарсы орналасқан түстерді қосымша түстер деп атайды. Мысалы: жасыл-қызыл, сары-сия көк, көгілдір-қызғылт сары.қатар орналасқан бұл түстердің ашықтығы сондай, бейне бір жарқырап тұрғандай.Қосымша түстерді пайдаланып, жемістерді салуға тырысайық.
IV.Сурет салуға кірісеміз (көкөністі ретімен салу тәсілін түсіндіреміз).
Бірінші кезең - жай қарындашпен үстел мен оның үстіндегі көкөністерді сызықпен белгілейміз.Суреттің аса көлемді немесе өте шағын болып шықпауын қадағалаймыз.
Екінші кезең - бояуды жағып көру арқылы көкөністің болашақ түсін анықтаймыз. Түстер бір-бірін толықтыра ма, әлде бір-біріне кедергі келтіре ме, осы жағына назар аударамыз.
Үшінші кезең - жалпы суреттің түсін өңдейміз.
Сергіту сәті. Бәріміз орнымыздан тұрып ортаға шығайық!Қазір біз молекула ойнын ойнаймыз!
-Жұмбақ жасыру.
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.
/Пияз/.
Аласа ғана бойы бар,
Қабат-қабат тоны бар.
/Қырықжапырақ/.
-Мозаика құрастыру,шыққан суретке тақпақ айту.
-геометриялық фигураларды, түстерді, көкөністермен байланыстыру.
V. Жұмыстарын қорытындылау, бағалау.
Бүгінгі сабақты қортындылай келе, оқушыларға пысықтау сұрақтарын қойып, сабаққа деген ынтасын білу арқылы, сабаққа қаншалықты көңіл бөлгенін айтуға болады.
-Топтардың жұлдызшасын санау.
-Оқушылардың сабақта салған жұмыстарын тексеріп бағалау.
-Бүгінгі сабақ ұнадыма?
VI. Үйге тапсырма. 27 бет. көкөністердің суретін салу.
Жұмыс орындарын жинастыру.