А.Үкібаев атындағы орта мектебінің 2016-2017 оқу
жылындағы өткізілген спорттық іс-шаралардың есебі.
Оқу жылы басынан бастап жоспарға сай
әр түрлі мектепішілік жарыстар ұйымдастырылды. Өткізілген жарыстар қыркүйек
айында денсаулық күніне байланысты 2-4 сыныптарға эстафеталық жарыстар, 5-7
жүгіру және футбол ойыны, 8-10 аудандық орталықта спорттық іс-шараларға
қатысты. күзгі кросс апталығы өтті, ол жарысқа оқушылармен қатар мұғалімдерде қатысты.
Футбол апталығы өтті, 2-4,5-7, 8-10
сыныптар қатысты.Мектепішілік тоғызқұмалақпен шахмат ойынынан жарыс
өткізілді.Күзгі демалыста волейбол, баскетбол, футболдан ойын-сауық
іс-шараларын жүргіздік. Қараша,
желтоқсан айларында мектепішілік үстел теннис,асық ойындары, волейбол,баскетбол
, футзал жарысы және ресурстық орталық оқушыларымен түрлі спорттық жарыстар
өткіздік.Қаңтар,ақпан айларында мектепішілік мұз айдынында допты хоккей,
шорт-трек, шайбалы хоккей, универсиадаға байланысты эстафеталық ойындар откізілді. Оқушыларды
аудандық,облыстық жарыстарға жақсы дайындықпен қатыстыру үшін, сабақтан тыс
кезінде үнемі дайындық жұмыстарын жүргіздік.Жалпы 300 ден астам оқушылар бір неше рет мектепішілік спорттық іс
шараларға қамтылды .Қыс бойы мұз айдынына су құю, қардан тазалау жұмыстары
үнемі жүргізіліп отырды. Сондай ақ аудандық жарыстарға мектеп оқушылары белсенді қатысып бір неше жүлделі орынды табыс етті. Қазақ
күрес ,тоғызқұмалақ былғары доп , шахмат , дойбы, асық ойыны , шорт-трек , шайбалы хоккей, футзал қыздар , шаңғы
жарысы.аудандық іріктеуде жолдама алып, облысқа 10 оқушымыз қатысып келді. Алдымызда
үлкен іс күтіп тұр, ол мұғалім 2017 аудандық спартакиадасы .Мектептегі
әріптестер сіздерден зор үміттенеміз ,биыл волейболдан, үстел теннисінен,
шахматтан, тоғызқұмалақтан, спорт қалашығынан, мылтық атудан жарыстар
өтеді.Былтырғы нәтижемен шығайық, себебі бұл мектеп абыройы жәнеде жалпы
рейтингке ұпай қосылады.