Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторының интерфейсі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен
таныстыру.
Білімділік: WordPad. мәтіндік редакторының терезесі
туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға,
компьютерде мәтіндерді өңдеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін, мәтіндік
құжатты әр формада сақтауды үйрету;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа,
тиянақтылыққа үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын
дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс
дәптері, интерактивті тақта,
плакаттар.
Сабақтың өту барысы:
1.
Ұйымдастыру бөлімі
2.
Өткен тақырыпты еске түсіру.
3.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4.
Сергіту кезеңі
5.
Тапсырмаларды орындау
6.
Сабақты бекіту
7.
Бағалау
8.
Үйге тапсырма беру.
Сабағымызды бағалау үшін дұрыс жауап берген оқушыларға топ басшысы ұпай беріп отырады.
Оқушыларды кеспе сурет арқылы 3 топқа бөлемін. Монитор, жүйелік блок, пернетақта.
І. Өткен тақырыпты еске
түсір.
Сонымен балалар өткен сабақта біз
Paint графикалық редакторы туралы өткен болатынбыз. Есімізге түсіру үшін мен
сіздерге мына тапсырмаларды беремін. Мен кеспе қағаздарын дайындап қойдым. Өздерің
таңдап алған кеспе қағаздарда түрлі тапсырмалар бар. Олар тақтада, компьютерде
орындайтын тапсырмалар және сұрақтар бар. Сыныптағы 16 оқушыға арналған 16 тапсырманы кезекпен келіп суыра қояйық.
Кеспедегі тапсырманы біртіндеп келіп орындаймыз.
·
Paint редакторы дегеніміз не?
/ графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа.
(Алығшынша сурет, сурет салу) /
·
Paint редакторынмен қалай жұмыс жасаймыз?
/ мәтіндердің көркемделуін, жұмыс үстелі үшін фондық бейнелерді
құруды, бейнелерді өзгертуді және тағы да көп нәрселер/
·
Paint редакторының сурет салу құралдарын
туралы не білеміз?
/сурет сала алу, түстерді өзгерту, масштаб, қылқалам/
·
Сурет салу, ашу және сақтау.
1 Оқушы шығып Paint редакторын ашып, сақтап көрсетеді.
·
Paint редакторының терезесін кім
түсіндіріп береді?
·
Paint редакторында түстерді қалай
өзгертеміз
·
Суретті басып шығару үшін берілетін
бұйрық?
Ал балалар енді арамызда қай топ
тапқырда, жылдам екенін анықтау үшін кеспе суреттер таратылып беріледі.
Оқушылар А3 форматына жабыстырып, сол құралдардың не атқарытыны жайлы жазып
береді.
ІІІ. Жаңа түсініктер:
Біздің әрқайсымыз қандай да бір
жазбаларды тұрақты орындаймыз: сендер үй тапсырмасын орындайсыңдар, хаттар мен
хабарламалар жазасыңдар, кейбіреу өлең жазады және т.с.с. Кейде өздерің
қолжазба мәтінін де оқуға тура келеді. Ол кітап оқығаннан әлде қайда қиынырақ.
Барлық сөздерді анықтағанша қаншама уақыт өтеді. Қайсыбір сөзді қате оқуыңда
мүмкін.Нәтижесінде мәтінді қате түсінесің.
Арнайы программалардың – мәтіндік
редактордың көмегімен кез- келген мәтінді оңай және тез құруға және безендіруге
болады. Компьютерде мәтінмен жұмыс істеу өте ыңғайлы:
·
мәтін
- сақтау үшін аз орын талап етеді;
·
керек
емес мәтіннің орнына жаңасын оңай жазуға;
·
мәтінді
оңай көшіруге, жөнелтуге болады;
·
өз құжаттарыңды түзетуге;
·
құжатыңды суреттермен безендіруге болады.
Дәптермен жұмыс
Бүгінгі күнді жазып,тақырыпты дәптерлеріңе жазып алыңдар.
WordPad мәтіндік редактор –
қарапайым мәтіндік
құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.
Мәтіндік редактор – ол мынадай мүмкіндіктер беретін қолданбалы
программа:
·
Мәтіндік құжаттарды құруға;
·
Оларды өзгертуге, яғни, қателерін түзетуге,
көшіруге, жоюға және қосуға, іздеу мен алмастыру жүргізуге;
·
Мәтінді пішімдеуге – әріптің мөлшері мен
түсін, абзацтың қасиеттерін және басқалардың қасиеттерін өзгертуге;
·
Құжатты басып шығаруға.
WordPad мәтіндік редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз: Пуск
- Программы - Стандартные - WordPad .
Редактор іске қосылғанннан кейін экранға WordPad мәтіндік редакторының
терезесі ашылады.
WordPad мәтіндік редакторының терезесімен таныс болайық.
(9,10,11,12 слайд)
Мәтіндік редакторлар жұмыс жасайтын деректер – мәтіндік ақпарат, оның ең
кішкентай бірлігі символ болып табылады. Сөз – бір – бірінен тыныс
белгілерімен немесе бос орындармен ажыратылып жазылған символдар тізбегі.
Сөздердің арасында және тыныс белгісінен кейін бір бос орын қойылады. Мәтіннің
элементтері: символ – сөз-жол – абзац-бет-мәтін.
Абзацтар бір-бірінен арнайы «абзацтың соңы» символымен ажыратылып
жазылады.
Кез келген құжаттың кем дегенде бір абзацы бар.Абзацтарға тақырыптар мен
тізімдердің элементтері де жатады.
Абзацтың ең негізгі қасиеттері:
·
Әріптің гарнитурасы, кескін сызығы, мөлшері;
·
Мәтінді түзеу тәсілдері;
·
Шегіністер мен интервалдар.
Дәптермен жұмыс: теңестіру
Қаріпті
және оның .... таңдау /енгізу , редакциялау
Мәтінді ....
және ... . / өлшемін
Мәтінді .... /сақтау
, ашу
Құжатты
... және ... / шығару
Баспаға ....
/ пішімдеу
Сергіту жаттығуы: Ал балалар бәріміз сергіту жаттығуларын
жасайық, денеміз бір серігіп қалсын.
Тапсырмалар:
Сабақты бекіту:
Үш топқа кеспе кағаз беріледі.
Бағалау: Оқушылардың білімін бағалау. Топ басшысы
оқушыларды бағалайды. Жинаған ұпайларына байланысты.
Қорытындылау: Сұрақтарға берген жауаптарын толықтыра
отырып, сабақты қорытындылау.
Үйге
тапсырма: WordPad
мәтіндік редакторының интерфейсі. §19,20 тақырыптар. "Менің
сыныбым" атты тақырыпқа әңгіме жазу. 2 тәжірибелік жұмысты орындап
келу.