«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша  білім бөлімі Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Акпана Укубаева города Державинск отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»     

СоцСети

https://www.facebook.com/a.ukubaev  

https://www.instagram.com/akpanykubaev2/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Үздік педагог 2017

20.04.2017

Сценарий «Үздік педагог2017»

 

(«Ұстазым» әні орындалады)

Видиоролик

көрсетіледі.

 

1 жүрг:Армысыздар құрметті ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі  мектебімізде  өткелі отырған «Үздік  мұғалімі – 2017» байқауына хош келдіңіздер.

2 жүрг: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев :

«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі жастарр,

ұстаз оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға

жүктелетін міндет ауыр. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің

бірінің қолынан келе бермейді»- деп нұсқағандықтан , бұгінгі байқау

шығармашылық тәжірибе алмасу мақсатында өткізіледі.

Видиоролик

көрсетіледі.

1 жүрг:

Ұстаз

деген – жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген – анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың

2 жүрг:

Ұстаз болу – жүректің

батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің

ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн

шуағы,

Азбайтұғын адамның

алтындығы – деп

байқауға қатысушы ұстаздарды  сахына

төріне шақырамыз.

1 жүрг:

1.    

Денешынықтыру

пәні мұғалімі-Омашов Талғат Тұрсынұлы

2.    

Технология

және бейнелеу пәні мұғалімі –Жакупов Әділ Оралұлы

3.    

Қазақ

тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі- Оспанова Эльмира Жанәділқызы

4.    

Физика

Пәні мұғалімі-Әмірбек Айжарқын Әлмияқызы

5.    

Бастауыш

сыныптар мұғалімі-Мусина Меруерт Болатқызы

6.    

Бастауыш

сыныптар мұғалімі-Фазылова тазагүл Қасқырбайқызы

7.    

Биология,

география пәні мұғалімі-Сайдалина Жанна Қонысбекқызы

8.    

Тарих

пәні мұғалімі-Канкулова Динара Смағзамқызы

2 жүрг:

Енді

ұстаздардан өзінің реттік нөмірін анықтау үшін жребий алуын өтінеміз және сол

нөмір бойынша шығасыздар.

 

1 жүрг: Кез келген байқау- ол шығармашылық жұмыс. Байқау шабыт

пен әділеттілікті талап етері анық.

2 жүрг:Біздің байқауға әділ баға беретін білікті қазылар алқасымен танысайық!

 

 

 

 

 

1 жүрг:

«Үздік педагог» байқауының әділқазылар

алқасы

 

Аты-жөні

қызметі

1

Садвакасова Р.Е

Мектеп директоры, әділқазылар алқасының  төрағасы

2

Жақсыбаева Б.Б

Тәжірибелі 

ұстаз, әділқазылар алқасының 

мүшесі

3

Фазылова С.М

ОІМ, әділқазылар алқасының  мүшесі

4

Нұрпеисова Г.Қ

ТІМ, әділқазылар алқасының  мүшесі

5

Сейлова Қ.Ә

ОІМ, әділқазылар алқасының  мүшесі

6

Бопаева Ә.Б

Кәсіподақ ұйымы, мектеп үйлестірушісі,

әділқазылар алқасының  мүшесі

7

Абикеева А.Ж

ТІМ, әділқазылар алқасының  мүшесі, хатшы

 

2 жүрг: Құрметті қатысушылар сіздерді  орындарыңызға жайғасуларыңызды сұраймыз!!

1 жүрг: «Үздік жас педагог - 2017» байқауының алғашқы кезеңін

бастаймыз.

 

2 жүрг:     

Сайыста қаймықпайды, тайынбайды,

Қиыннан ешқашанда мойымайды.

Сайыстың бұл кезеңін бастайық біз

Әр ұстаз айта кетсін өзі жайлы.

1)    «Менің педагогикалық ұстанымым :

мәні, құндылықтары, басымдылықтары» тақырыбында таныстырылым. (3-5 мин). Ең

жоғары ұпай – 10.

 

1 жүрг: :Мектептің

жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді

болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең

әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта

білетін мұғалім. –деген екен Ахмет Байтұрсынов. 

Ендеше сайысымыздың 2- бөлімі  « Панорамалық сабақ» (5-7

мин).  Ең жоғары ұпай – 15.

 

2 жүрг:Мұғалім

өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді

тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.-деген екен атақты  К.Д.Ушинский

ендеше, үнемі ізденісте жүретін ұстаздар қауымы үшін

«Мен – қазіргі заманның

педагогімін» тақырыбындағы үшінші кезеңде  өз технологиясын таныстыру. (5-7 мин).  Ең жоғары ұпай – 10.

 

1 жүрг:Міне, соңғы айналымға да келіп жеттік. Ол бөлім «Шығармашылық көрме».Әр қатысушы әдістемелік – шығармашылық жұмысынан көрме

дайындаған. Сол бойынша әділқазылар алқасы өз ұпайларын қояды.  Жоғарғы балл-10

 

 

 

 

2 жүрг:

Ұстаз

сөзін айтып жүрдік ән қылып,

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.

Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,

Қасиеті бас иелік мәңгілік!


1

жүрг:     

Арманға алда күткен асығамыз.

Біз қалай толқын атпай басылармыз.

Ұстаздар сайысының соңғы сөзін,

Естігенше біз енді асығамыз.

Сайысты қорытындылап оза шауып алға

суырылып шыққан ұстаздың есімін бірге білейік. Сол үшін әділ қазы алқаларына

сөз кезегін береміз.

 

(марапаттау рәсімі)

 «Үздік педагог» байқауының 

жеңімпаздарын  марапаттау.

7.1. 1-ші орын – I дәрежелі

диплом.

      

2-ші орын – II дәрежелі диплом.

      

3-ші орын – III дәрежелі диплом.

7.2. Номинациялар:  «Шығармашыл педагог»

                       

            «Ізденімпаз

педагог» 

                                  

 «Жаңашыл  педагог»

                                  

 «Іскер педагог»

 

1 жүрг:Ұстаз – бұл ұлы адам ел таныған,

Шәкіртін үйретуден жалықпаған.

Кішкентайдан қолынан жетектеп ап,

Сырлы әлемге өзіңді алып барған.

ХХІ

ғасыр – Білім ғасыры. Ендеше ғасырдың сайысынан қалмайық. Еңсесі биік егеменді

еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл – қыздарына саналы

тәрбие, сапалы білім беруде шаршамай, талмай еңбек етіп, еңбектеріңіздің

жемісін көре беріңіздер. Біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше күн

нұрлы болсын! – дейміз.

 

2 жүрг:Мәңгілік

еліміздің ұстаздары білікті

Жастары білімді болсын!!

Келесі кездескенші сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 384


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст