Жанында интернаты
бар А.Үкібаев атындағы орта мектебінің 1 А сынып жетекшісі Сатанова Эльвира Шәріпқызының
ұйымдастыруымен өткен отбасылық сайыстың
тақырыбы «Ынтымақты отбасы»
Мақсаты: Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра
отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт - дәстүрі туралы білімдерін байқау. Ән
- би, қолөнер тәрізді халықтық өнерден хабардарлығын анықтау. Отбасы - Отанның
бір бөлшегі екендігін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен
ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Түрі: Ата - аналар мен балалардан құралған командалар арасындағы
сайыс түрінде өтеді.
Көрнекілігі: Отан, отбасы, ынтымақ - бірлік туралы мақал -
мәтелдер,өз қолдарынан жасаған көрме заттары,т.б.
Барысы:
Жүргізуші:
Атамыз қазақ «Бала - адамның бауыр еті», «балалы үй - базар» дейді. Өйткені
бала - өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның
негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан - жақты тәрбиелі
болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Бүгінгі біздің
сыныбымызда ұйымдастырылып отырған «Ынтымақты отбасы» атты сайыс өткелі отыр.
Олай болса, осы сайысымызға қатысушы отбасыларымызды ортаға шақырайық.
Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл сана
Көркіне ақылы да сай келетін
Әбдіхамитовтар отбасы ортамызда.
Қуантады білімімен бәрімізді
Қол соғып қарсы алайық енді оны
Шекеновтар отбасы келіп қалды
Татулықты ту еткен отбасы бұл
Нәзік жанға ақыл, білім жарасады
Нағыз ер халқыменен санасады
Сайысқа бар күшімді саламын деп
Ореховтар отбасы таласады.
Отбасылық сайысқа,
Келдік
біздер асыға,
Жұлдыздай болып
жарқырап шығады,
Орынбаевтар отбасы.
Он саусағынан
өнер тамған отбасы,
Өлең айтып,би
билейді отбасы,
Өнеріңмен
,біліміңді сынашы,
Жамбатыровтар отбасы.
Сайыс кезеңдерімен таныстыру
1. Таныстыру
2. Өнер сайысы
3. Мақал
- мәтел сайысы
4. Көңілді аспаздар (ана
мен бала
сайысы)
5. Сұрақ-жауап (аналар сайысы)
Жүргізуші:
Келді міне бүгін
сынауға
Сыналып үлкендерден үлгі алуға
Салты бар өнерлі осы ортада
Берер деп әділқазы әділ баға, - деп әділ қазыларды таныстырып өту.
Әділқазы мүшелері:
Директордың міндетін атқарушы математика пәнінің мұғалімі Дамир Болатбек,оқу
ісінің меңгерушісі Сеилова Қызғалдақ Әбілқайырқызы.
І кезең
Отбасымыз келіп жетті танысуға,
Сыпырды томағасын осы дұға
Қызып келген қырандай керілтеді
Әдеппенен ізетпен танысуға
Әрбір отбасы өздерін таныстырып өтеді
ІІ кезең
Кедеймін деп қысылма
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатар жолында - демекші ата - ана мен бала арасындағы өз өнерлерін
тамашалайық.
Әрбір отбасы өз өнерлерін көрсетеді
ІІІ кезең
Шебер болсақ, тіл байып,
Шешендіктер бір ғайып.
Мақал - мәтел үйреніп,
Тілімізді шыңдайық, - деп кезекті отбасыларымыздың мақал - мәтел айту, яғни оны
жалғастыру сайысына кезек берейік.
1. Балаңа байқап сөйлесең, (ақылыңа көнер.)
2. Өз білмегеніңді кісіден сұра (Үлкен жоқ болса, кішіден сұра)
3. Әдептілік белгісі (Иіліп сәлем бергені)
4. Оқу - білім бұлағы (Білім - өмір шырағы)
5. Қына тасқа бітеді (Білім басқа бітеді)
6. Ер жігіт ел үшін туады, (ел үшін өледі)
7. Қарағайға қарап тал өсер (Қатарына қарап бала өсер)
8. Досы көпті жау алмайды (Ақылы көпті дау алмайды)
9. Тіліңмен жүгірме (Біліміңмен жүгір)
10.Оқу білім
бұлағы,білім өмір шырағы.
11.Қызға қырық
үйден тыю.
12.Отан отбасынан
басталады.
13.100сомың
болғанша 100досың болсын.
14.Батыр бір рет
өледі ,қорқақ мың рет өледі.
15.шешесіне қарап
,қызын ал.
ІV кезең
Ана деген тіршіліктің иесін
Сыйлайтынын адал бала білесің
Өмір балын тамызар да ерніңе
Шымырлатып еріткен бар жүйесін
Кірпігімнің әр қағысын санаған
Көз аудармай күндіз түні қараған
Айналамда жүргендердің бірінен
Бар ма анамдай тірлігіме жараған дей келе келесі кезекті аналар сайысына
береміз. Сайыс «Көңілді аспаздар» деп аталады.Анасы мен баласы үйден жасап
әкелген тамақтарын,бауырсақтарының қалай дайындалғанын айтып қорғайды.Анасы
демеп отырады.
V кезең Аналарға сұрақ-жауап.
Тыңдаңыздар халайық !
Босқа қарап тұрмайық !
Кезегі енді сайыстың
Сұрақ –жауап табайық!-деп келесі сайысымыз.
Аналарға ситуациялық тапсырмалар беріледі.Осы тығырықтан қалай шығамыз,
шығу жолдарын айтып береді.
Сайысымыздың қорытынды кезеңі де келді. Әділқазыларға сөз береміз.
Марапаттау.
Құрметті ата-аналар мен ұстаздар,бүгінгі
«Ынтымақты отбасы» атты сайысымызға
қатысқан отбасыларымызға
береке,бақыт,бірлік тілейміз. Қатысқандарыңызға көп рахмет.