Жаңа жыл қарсаңында Ақмола облысы Жарқайың ауданы Ақпан Үкібаев атындағы ЖОББМ-нің биология кабинетіне жаңа жабдықтар келіп, оқу кабинеті жаңарып қалды. Атап айтсақ заманауи 15 парта орындығымен, шкаф, мұғалім столы орындығымен, моноблок, принтер т.б. Адам дене мүшелерін зерттеп оқытуға арналған арнайы көрнекілік –макеттер, бірнеше микроскоп, лупа. Заманауи ғаламтор желісі қосылатын интерактивті панель тақта сияқты жабдықтар көз қуантады.Әсіресе оқушыларға арналған ортопедиялық орындықтар балалардың денсаулығы үшін маңызды мүлік. Мектеп оқушыларының ғылыми пәндерге қызығушылығын арттырып, білімге құштарлығын ашуда осындай кабинеттердің маңызы зор.Осындай қуаныш сыйлап, шәкірттердің болашағына сүбелі үлес қосып, кабинет жабдықтарымен қамтамасыз етіп отырған Ақмола облысының Білім Басқармасы және Жарқайың ауданының Білім Бөліміне зор Алғыс білдіреміз. /public/files/2024/12/25/251224_122030_whatsapp-video-2024-12-25-at-105720.mp4