Ағымдағы жылдың 22 қарашасында Костычево ауылы Октябрьдің 50 жылдығы атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында бастауыш сынып мұғалімдері, пән мұғалімдеріне арналған "Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру" тақырыбында семинар практикум өтті. Өзге мектептердің пән мұғалімдері мен бастауыш сынып мұғалімдері Октябрьдің 50 жылдығы атындағы ЖОББ мектебінде сабақ берді, мұғалімдер сабақтарда БАЖМ (МОДО) дайындықтың қолданылатын элементтерін (тапсырмаларын) көрсетті. Жалпы 4-9 сынып оқушыларын қамтыды. 1.Қазақ тілінде оқыту: Функционалдық сауаттылыққа бағытталған оқу қызметін ұйымдастыру" коучингін «А. Үкібаев атындағы атындағы ЖОББМ» КММ қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі Э. Ж. Оспанова жүргізді.
2.География -Ильясова Ж. К. «А. Үкібаев атындағы ЖООБМ» КММ география пәнінің мұғалімі.«Казақстанда қауіпті және қолайсыз атмосфералық құбылыстар» тақырыбында 9 сыныпқа ашық сабақ өткізді.