Текст
Өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. 15-ақпан Тәуелсіз Отанымыз Қазақстан үшін атаулы күндердің біріне айналды. Ортамызда жүрген ауғандық жауынгер ағалар, бейбіт өмірдегі жарқын істеріңіз, қоғамдық жұмыстарда белсенділіктеріңіз, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектеріңіз Қазақстан жастары үшін нағыз ерліктің шынайы үлгісі болып қала береді, біз сіздерге қарап бой түзейміз. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Сейтахметов Ж.Г. оқушылармен бірге Ауған соғысы ардагерлерін құттықтады. Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, отбастарыңызға амандық тілейміз! Еліміз аман, халқымыз тыныш болсын!